Ресей әскерлері басып алған Украинаның Херсон облысының Киселевка ауылында Бурятия мен Шешенстаннан келген әскерилер арасында атыс болды. Бұл туралы Украина қорғаныс министрлігінің бас барлау департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Ұлтаралық қақтығыс себептері буряттардың шабуылдау әскери қимылдарын жүргізуге дайын еместігі мен жағдайдың шешен күштері мен «тең емес» екенінде. Қадыров әскері майдан шебіне мүлдем бармай, тек тылда қалады. Олардың міндеті – басқа бөлімшелерді белсенді әрекеттерге шақыру, шегінуге тырысқандарға ашық оқ ату» делінген Украина Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасының ресми телеграм-каналында.
Ал екінші себеп – Шешенстаннан келген құрама жауынгерлер олжаның көп бөлігін беруді талап еткенде, олжаның біркелкі бөлінбеуі.
Сонымен қатар, Украинаны Ресейдің әскери агрессиясынан қорғаған шешен ерікті жасақтарының бірінің жауынгері Қадыровтың әскерлері мен басқыншылар арасындағы қақтығыстар туралы айтты. Сонымен бірге олжаны бөлуге қатысты жанжалды жағдайлар «таза ресейлік облыстардан» келісімшарт бойынша сарбаздар қызмет ететін бөлімшелер арасында да орын алады.
Украинадағы соғыс аймағында жүрген «Сова» украиндық сарапшылар тобының жетекшісі, профессор Михаил Савва Қадыров әскері мен басқа ресейлік әскерилер арасындағы бірінші қақтығыс емес екенін айтты.
«Наурыз айының басында-ақ Шешенстаннан келген бөлімшелер басқа бөлімшелер үшін тосқауылдық жасақ ретінде әрекет етіп жатқаны туралы ақпарат пайда болды. Ал Қадыровтың адамдары Киев облысында оннан астам ресейлік жараланғандарды эвакуацияламаған оқиға болды. Бірқатар облыстарда Қадыров бөлімшелері ұрыс қимылдарының бірінші шебіне қатыспайды. Рөлдердің мұндай бөлінуі оларға басқа ресейлік құрылымдар мүшелерінің өшпенділігін тудырады» деді профессор Савва.
Сарапшы жалғасып жатқан қақтығыстарды ресми түрде ұлттық қарулы құрамалар жоқ. Бірақ іс жүзінде келісім-шарт бойынша сарбаздарды алу өз аймақтарында жүзеге асырылатын Ресей әскеріндегі жүйелі мәселенің көрсеткіші деп атады. Соның салдарынан шешен, бурят және т.б. ұлттық құрылымдар пайда болады.
“Адырна” ұлттық порталы