Алматы облысында картинг орталығының аумағында адам өліміне әкелген апат болды. Бала ең жоғары жылдамдықпен жолдан ұшып кетіп, жүк көлігіне соқтығысқан, деп хабарлайды "Адырна" сайты.
Қайғылы оқиға Алматы облысы Іле ауданындағы «Сокол» кәсіби картинг орталығының аумағында болды. Онда жарыстар өтіп, бір сәтте жарыс көлігінің бірі пластмасса қоршауды соғып, трассадан ұшып кетті. Бұл көлік тоқтамай, бар жылдамдықпен тоқтап тұрған су таситын көлікке соғылды.
Куәгерлердің айтуынша, әйел басқарып келе жатқан картингтің артынан келе жатқан басқа картингтің соғуынан инерция салдарынан қоршаудан асып кеткен, деді полиция.
Қазір оқиға орнында Іле аудандық полициясының полиция қызметкерлері жүр. Олар қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтайды, сондай-ақ куәгерлерді анықтап, жауап алады.
"Адырна" ұлттық порталы