Көшеде бұрыңғы әйелін таяқ астына алған ер адам іздестіріліп жатыр

1947
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде бір ер адамның әйелді ұрып-соғып жатқан видеосы тарады. Белгілі болғандай, жәбірленуші әйел ажырасып кеткен жұбайынан зардап шегіп жүргеніне шағымданып, осыған дейін полицияның көмегіне екі рет жүгінген, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы  Zakon.kz. сайтына сілтемп жасап. 

Жайсыз оқиға 13 сәуірде таңертең Сығанақ көшесінде орын алды. Бұрынғы әйелімен сөзге келген 25 жастағы астаналық оған жұдырық ала жүгірген. Болған оқиға сыртқы камераларда жазылып қалған.

Аталған факті Есіл аудандық ПБ-да тіркелді, айыпты ер адамның тұрғылықты жерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр, деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

Жәбірленуші әйел ажырасып кеткен жұбайынан зардап шегіп жүргеніне шағымданып, осыған дейін полицияның көмегіне екі рет жүгінген.

Ер адамға қатысты қорғаныс ұйғарымы шығарылып, оны бұзған жағдайда не болатыны түсіндірілді. Дегенмен, қудалау жалғаса берген.

Мәселен, биылғы жылдың наурыз айында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысына сәйкес, ұртоқпақ ер адам екі рет кінәлі деп танылып, сот "ескерту"түріндегі әкімшілік жаза қолданған болатын.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер