Бас прокуратура қылмыс жетекшісі Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімін 7 сәуірге дейін ұзартқанын хабарлады.
Ол Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінген:
- 126-баптың 3-бөлігінің 3-тармағы – «Абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан бас бостандығынан заңсыз айыру»;
- 272-баптың 2-бөлігі – «Зорлық-зомбылықпен, қырғынмен, өрт қоюмен, мүлікті жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды қолданумен, сондай-ақ билік өкіліне қарулы қарсылық көрсетумен ұштасқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып, тәртіпсіздіктерге қатысу,»;
- 287-баптың 4-бөлігі - "Адамдар тобының алдын ала келісім бойынша немесе бірнеше рет атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру".
Еске салайық, Жұмагелдиевтің ұсталғаны 7 қаңтарда белгілі болды. Ол бес адамнан тұратын қылмыстық тобымен бірге Алматыда арнайы операция барысында ұсталды. Ұстау кезінде күдіктілерден әртүрлі маркалы және калибрлі төрт жартылай автомат, оқ-дәрі, суық қару және брондалған көлік тәркіленді.
Наурыздың 14-і күні Бас прокурор Берік Асыловтың Мәжілісте сөйлеген сөзінде Алматыда «Жабайы Арманның” қылмыстық тобы ұрлап кеткен 24 азаматты азаптады деген ҰҚК-нің алты қызметкері күдікке ілінгенін айтты. Салдарынан зардап шеккендердің барлығы жараланып, бір адам қаза тапқан.
“Адырна” ұлттық порталы
Ұлытау облысының прокуратурасы Яндекс Такси сервисі арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алудың жаңа тәсілін енгізді
