Бүгін Құман Тастанбековтің туған күні

4142
Adyrna.kz Telegram

Осыдан 77 жыл бұрын (1945-2017) актер, Қазақстан Республикасының халық әртісі Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков дүниеге келді. Алматы облысы Сарқант ауданы, Екіаша ауылында дүниеге келді.  Өмірін өнерге арнаған сахна майталманы М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында 30 жылдан аса спектакльдерде көптеген рөлдерді сәтті сомдады.

«Қыз Жібек» фильміндегі Төлеген батырды ойнаған алғашқы рөлі танылуына себеп болды. Фильм экранға шыққан соң, араға бір жыл салып Құман Тастанбеков басты рөлді ойнаған Меруерт Өтекешовамен шаңырақ көтерді.

«Қыз Жібектен» кейін Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешова екеуі «Менің ағам» фильміне түседі. Құман – Қазақстанның алғашқы комсомолы Ғани Мұратбаевты сомдаса, Мереуерт Өтекешова – оның жары Раушанның рөлінде ойнайды. Олардың балаларымен бірге түскен тағы бір «отбасылық» кинокартина – «Орнамент». Құман Тастанбеков төбе көрсеткен кез келген фильм қазақ киносының алтын қорына айналды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер