Ақтөбеде ауыр жол апатынан үш бала көлікте тірідей өртеніп кеткен

2378
Adyrna.kz Telegram

19 ақпан күні сағат 16:00-де «Оңтүстік айналма» тас жолында екі көліктің қақтығысуымена жан түршігерлік оқиға болды. Жолаушылар көлігі жүк көлігімен соқтығысып, жолдан  ұшып кетіп, өртеніп кеткен. Ауыр апат салдарынан ешкім де тірі қалмады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

«Лада» көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан. Соққының әсерінен көлік арыққа түсіп, өртеніп кеткен.

Көлікте жүргізушімен бірге оның кәмелетке толмаған үш баласы (2007, 2009 және 2021 ж.т.) болған. Олардың ешқайсысы аман қалмады. Түрлі жарақат алған ер адамның өзі Ақтөбе қалалық жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды. Полицияның баспасөз қызметі қайтыс болған балалардың анасы туралы ешқандай мәлімет бермеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер