Қытай: Қазақстанда түрлі-түсті төңкеріс жасауға қарсымыз

3036
Adyrna.kz Telegram

Қытай сыртқы шетелдік күштердің Қазақстанда тәртіпсіздік тудырып, «түрлі-түсті төңкеріс» ұйымдастыру әрекеттеріне қарсы деп мәлімдеді Қытайдың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі. Ол бұл ойын БҰҰ мен ҰҚШҰ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Қауіпсіздік кеңесінің отырысында айтқан. 

Қытай Қазақстандағы тұрақтылықты қалпына келтіруге ықпал ететін барлық шараларды қолдайды. Сонымен бірге Қытай ел қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрекеттерге үзілді-кесілді қарсы.

«Қазақстанда тұтанған үкіметке қарсы ауқымды зорлық-зомбылық үлкен шығынға, адами шығын мен мүліктің зақымдануына әкелді, бұл Қытайды алаңдатып отыр», - деп келтіреді Синьхуа елшінің сөзін. Қытай өкілі де ҰҚШҰ әскерлерінің Қазақстанға кіруін мақұлдап, ұйымның Қазақстандағы жағдайды тұрақтандыруда оң рөл атқарғанын айтты.

«Қытай Қазақстанның тату көршісі және тұрақты жан-жақты стратегиялық серіктесі ретінде Қазақстанның  бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізуіне үміт артады және елді тұрақтылықты қалпына келтіруде, экономикасын дамытуда және халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуда қолдайды», - деді Чжан.

Ол Қытай халықаралық қауымдастықтың Қазақстанның егемендігін толықтай құрметтейтініне және елдің аймақтағы тұрақтылығы мен дамуын сақтауда сындарлы рөл атқара алатынын айтты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер