ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

2948
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. 2020 жылдың шілде айынан бастап бұл қызметте Әнуар Жұмаділдаев болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен Әнуар Серқұлұлы Жұмаділдаев берілген өтінішке сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.

- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

Әнуар Жұмаділдаев 1965 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Патрис Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін және Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген.

2005 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Осы жылдар ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетін және Ішкі мемлекеттік аудит комитетін басқарды.

2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

2019-2020 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы.

2020 жылдың шілдесінде ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер