Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. 2020 жылдың шілде айынан бастап бұл қызметте Әнуар Жұмаділдаев болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен Әнуар Серқұлұлы Жұмаділдаев берілген өтінішке сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіӘнуар Жұмаділдаев 1965 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Патрис Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін және Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген. 2005 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Осы жылдар ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетін және Ішкі мемлекеттік аудит комитетін басқарды. 2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы қызметін атқарған. 2019-2020 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы. 2020 жылдың шілдесінде ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
Baimenov: Kazakhstan and Khabar public TV channels should be transformed into public television corporations
We need real results, high-speed Internet, and quality communication, not statistics covering the country