Қаңтар оқиғасын ұйымдастырушылардың бірі - “Йакын Инкар” радикалдық тобы

13981
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандағы "Қаңтар қасіретін" ұйымдастырып, елде бүлік шығарған радикалдардың артында қандай топтың тұрғаны анықталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы saryarqanews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бас Прокуратура бүлікті  ұйымдастырушы деп “Йакын Инкар” радикалдық ұйымын атады. Ол “Таблиғи Жамағат” лаңкестік ұйымының бір қанаты саналады. Аталмыш радикалдардың басты мақсаты халифат орнату және ел конституциясын күшпен өзгерту екен.

Қазақстан аумағында тиым салынған террористік құрылымдардың ұлттық тізіміне келесі шетелдік ұйымдар енгізілген:

І. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі негізінде:

1. «Аль-Каида» 2. «Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс» 3. «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс» 4. «Күрд Халық Конгресі» («Конгра-Гел»)

ІІ. Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес: 5. «Асбат аль-Ансар» 6. «Братья-мусульмане» 7. «Талибан» қозғалысы 8. «Боз гурд» 9. «Орталық Азиядағы Жамаат моджахедтер» 10. «Лашкар-е-Тайба» 11. «Әлеуметтік реформалар Қоғамы»

ІІІ. Нұр-Сұлтан қаласы сотының 2005 жылы 28 наурыздағы шешіміне сәйкес: 12. «Хизб-ут - Тахрир» ұйымы

ІV. Нұр-Сұлтан қаласы сотының 2006 жылы 17 қарашадағы шешіміне сәйкес: 13. «АУМ Синрикё» 14. «Шығыс Түркістан азат ету ұйымы»

V. Нұр-Сұлтан қаласы сотының 2008 жылғы 5 наурыздағы шешіміне сәйкес: 15. «Түркістан ислам партиясы».

VІ. Атырау қаласы сотының 2011 жылғы 25 қазандағы шешіміне сәйкес: 16. «Джунд-аль-Халифат»

VII. Шығыс Қазақстан облысы арнайы ауданаралық экономикалық сотының 2012 жылғы 7 маусымдағы шешіміне сәйкес: 17. РҚБ «Сенім. Білім. Өмір»

VIII. Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2013 жылғы 26 ақпандағы шешіміне сәйкес: 18. «Таблиги джамагат»

IX. Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2014 жылғы 18 тамыздағы шешіміне сәйкес: 19. «Ат-такфир уаль-хиджра»

X.  Нұр-Сұлтан қаласы есіл ауданы сотының 2015 жылдың 15 қазан айында қабылданған шешіміне сәйкес:

20. «Ислам мемлекеті» (ДАИШ)

21. «Ан-Нусра фронты»

Астана қаласы Есіл ауданы сотының 2018 жылғы 10 қазандағы шешіміне сәйкес 22. «Йакын Инкар» экстремистік ұйым болып табылды.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер