Алматы қаласында троллейбус жүргізушісі жас жігітті қағып, мерт етті. Қайғылы жағдай бүгін, 13 қаңтарда болды, деп хабарлайды «Адырна» тілші
«Оқиға Бостандық ауданында сағат 17:50-де болды. 11-троллейбустың жүргізушісі Тимирязев көшесімен батыс бағытта, Байтұрсынов көшесінің батыс тұсында жүріп келіп жатып 2003 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Өкінішке қарай, ер адам оқиға орнында жан тапсырды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды»,—деп түсіндірді қалалық полиция департаменті.
Ұқсас жаңалықтар
Медиа өкілдері жарты жылдан аса комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтардың ісін әділ тергеуді талап етуде
