Аягөз гарнизонында қызмет еткен офицер үйінен өлі табылды

1720
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қорғаныс министрлігіне қарайтын Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қызмет еткен офицер көз жұмды. Бұл ақпаратты Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға 19 қыркүйек күні болған.

«Жұмыстан тыс уақытта Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қызмет ететін офицердің денесі үйінен табылды.  Алдын ала ақпарат бойынша офицер өз-өзіне қол жұмсаған. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.

Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің туған-туыстарына көңіл айтты.

Пікірлер