Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысындағы төтенше жағдай режимін алып тастады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Бұл туралы ақпарат Ақорда сайтында берілген.
Мәтінде:
«Ақтөбе облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 738 Жарлығымен енгізілген Ақтөбе облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 16 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын, делінген.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
"Адырна" ұлттық порталы