Қазақстанда емделу бағасы тағы да қымбаттады

4280
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда емделу бағасы тағы да қымбаттады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, 2021 жылдың қазан айының соңында медициналық қызметтер бағасы айлық динамика бойынша 0,3%-ға, жылдық динамика бойынша 10,1%-ға өсті.

Жыл сайынғы бағаның өсуі Алматы (20%-ға), Түркістан (18,1%) және Павлодар (15,6%) облыстарының тұрғындарына қатты әсер етеді,деп хабарлады Energyprom.kz сарапшылары.

Емделу бағасының ең аз өсімі Ақтөбе облысында (жылына 0,8%-ға) тіркелді.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында аурухана қызметтері 618,7 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 60,3%-ға артық.

2020 жылдың қаңтар-маусым айларында қызмет көрсету көлемі жылына 12,9%-ды алып, 385,9 млрд теңгені құраған болатын.

Қызметтердің басым бөлігі бюджет қаражаты есебінен көрсетілді: 547,8 млрд теңге, + 56,7%. Халық есебінен қызмет көрсету 66,7%-ға, яғни 38,7 млрд теңгеге, кәсіпорындар есебінен 2,4 есеге, 32,2 млрд теңгеге өсті.

Өңірлік тұрғыдан алып қарасақ, сектордағы қызмет көрсетудің ең үлкен көлемі Алматы қаласында: 99,4 млрд теңге – бір жыл бұрынғы есептен 67,2%-ға артық.

Үздік үштікке: Нұр-Сұлтан (79 млрд теңге, +79,2%) Түркістан облысы (56,3 млрд теңге, + 74,9%) кірді.

Ең аз қызмет көрсету өсімі Атырау облысында тіркелді: бар болғаны 11,7 млрд теңге – бір жыл бұрынғыдан 33,4%-ға артық.

Айта кететін жайт, жыл басынан бері ауруханалардың хирургиялық бөлімшелерінің қызметі 107,2 млрд теңгеге жетіп, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 33,9%-ға артық.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер