Адамдарды көз жанарынан айыратын вирус

6095
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

Пандемия басталғалы Үндістанда коронавируспен ауырғандардың саны 28,4 млн  жеткен. Жалпы елдегі жағдай қазіргі таңда  ушығып тұр. Табиғи апат та елді айналып өтпеді, пандемиямен қосылып халықты әбден қыспаққа алған. Үндістан дәрігерлерінің пікірлері мен сұхбаттарына назар аударар болсақ, халық вирустан сақтанатын ешқандай қауіпсіздік шараларын жасамаған. Көптеген діни, ұлттық мерекелерде халық санитарлық нормаларды ұмыт қалдырып, соның әсерінен қазір елде жағдай қиындаған.

Соңғы аптада жаңа вирус түрі пайда болды, яғни мукомиркоз ауруы белең алған.  Деректер бойынша, елде «қара зең» ауруымен ауырғандардың саны  9000-ға жеткен. Бұл дерттен аман қалу  мүмкіндігі 50/50. Тек кейбіреулерінің  көз жанарын алып тастаған жағдайда ғана әрі қарай өмір сүруі мүмкін.  Үндістандық  дәрігерлер науқастардың сараптама нәтижесіне қарап, олардың бұрын коронавируспен ауырғанын анықтады.  Демек, бұл вирус әлсіз иммунитетке тез жұғады. Қазіргі таңда ауруды жұқтырғанда саны артып келеді, елді-мекендерді жаңа эпидемияға байланысты қайта жабуы мүмкін. Үндістанды үркітіп отырған  мукормикоз -  жұқпалы вирус. Өте сирек кездеседі, бірақ өсімдіктерде, топырақта, көң, тезек, қи,  шіріген жемістерде кездесетін микробтардан тарайды. Тыныс жолдарын зақымдап, ағзаға үлкен зиян әкеледі. Диабеттерге, ВИЧ, СПИД, иммунитеті төмен адамдарға өте қауіпті . Мукормикоздың асқынуы өте ауыр болуы мүмкін: соқырлық, ағза қызметінің бұзылуы, инфекция мен тазартудың салдарынан дене тіндерінің жоғалуы және өлім. Қазіргі сәтте алдын алу шаралары да қарастырылмаған. Себебі дәрігерлерге оның емін табу үшін біраз уақыт қажет. Оған қоса ешқандай вакцина жоқ.

Айта кететін, тағы бір жағдай, мукомикоздан адамдар көшеде өліп жатқан жоқ. Әлемді шошытып отырған бейнероликтерде  адамдарды өртеп жатқаны көрсетілген. Елді дүрліктіру үшін көптеген жаңалықтарды тіптен бұрмалап шығарушы БАҚ-тар бр.

Сақтықта қорлық жоқ. Бетперде тағып жүріңіз. Өзіңіз үшін, өзге үшін. Жақынымызға жанашыр болайық!

Пікірлер