М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры «МОНОДРАМА» байқауын жариялайды

5276
Adyrna.kz Telegram

1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

- қазақстандық авторларды қолдау;
- театр репертуарын жаңа туындылармен толықтыру;
- жаңа көркемдік кеңістіктердің игерілуіне жол ашып, драматургияда жаңа есімдердің пайда болуына және олардың кәсіби өсуіне мүмкіндік тудыру.

2. Байқауды өткізу мерзімі:

- пьесалар 2020 жылдың 1 қыркүйегінен 2021 жылдың 1 наурызына дейін қабылданады;
- байқау нәтижесі 2021 жылдың 27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай жарияланады.

3. Байқаудың өткізілу тәртібі:

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

- үздік тарихи монодрама;
- үздік заманауи монодрама;
- үздік инсценировкалық монодрама.

* * *
- байқауға республика азаматтары және шетелдегі қандастарымыз қатыса алады;
- байқауға қазіргі театр талабына сай жазылған, бұрын қойылмаған, жарияланбаған, өзге байқауларға қатыспаған жаңа монодрамалар, моноинсценировкалар (автор туралы мәліметтермен және автор суретімен қоса) жолдануы шарт;
- авторлар бірнеше номинацияға қатыса алады, номинацияда көрсетілген әрбір жанрға бір шығарма ғана ұсынылады;
- байқауға ұсынылатын пьесалар компьютерлік 20 беттен аспауы тиіс (шрифт Times NewRoman-14);
- монодрама, моноинсценировкалар teatr_auezov@bk.ru электронды поштасына МОНОДРАМА БАЙҚАУЫНА деген тақырыппен жолдануы шарт;
- байқауға түскен шығармаларды кәсіби мамандардан тұратын Сарапшылар кеңесі сараптайды.

4. Байқау қорытындылары бойынша:

- үздік деп танылған бір монопьеса не моноинсценировка театр репертуарына алынып, сахналанады;
- көркемдік тұрғыдан сараптан өткен бірнеше туынды көрермендер назарына телеспектакль түрінде ұсынылады;
- сонымен қатар сәтті деп танылған кей монопьесаларды режиссерлік, актерлік лабораторияларда оқу, сондай-ақ жеке жұмыстар түрінде қою ұйымдастырылады.

Пікірлер