Ғылымдардың шығуы

6560
Adyrna.kz Telegram

 

Осыдан 50 жыл бұрын, яғни 1970 жылы Фараби бабамыздың 1100 жылдығы Мәскеуде, Бағдатта және Алматы қаласында атап өтіліп, оның қазақ топырағында дүниеге келгендігі мойындалды. Ақжан Машани бастаған ғалымдар бабамыздың шығармашылығын зерттеуге даңғыл жол салды. Біз ұлы ғалымның ғылымдарды жіктеуді арифметикадан бастап, метофизикамен аяқталған деген жеріне назар аударғанды жөн көрдік.

Әл-Фарабидің «Ғылымдардың шығуы» туралы трактатты бар. Ол онда былай дейді: «білгейсің, субстанциялар мен акциденциялардан басқа және сол субстанциялар мен акциденцияларды жаратқан мәңгілік жарылқаушыдан өзге ештеменің жоқ екенін». Субстанция – зат, акциденция – қасиет. Заттар сансыз, қасиеттер тіпті сансыз. Соның бәрін Жаратушы бар. Жаратушыны ол кісі – «Хақ тағала» дейді. Хақ тағала тілімізде жиі қолданылатын – Алла тағала.

Мұнан әрі айтады: «осындай жағдайлардың бәрін жиынтықтап келіп, субстанциялар мен акциденцияларға атау қойдым, оны «тіл білімі» - деп атадым дейді.

Екінші ғылым – грамматика. Грамматика сөздердің рет-ретімен орналасуы. Грамматика семантикалық жағынана алғанда  - пәлсапаалық пән. Өйткені грамматика деген атауларды реттеу. Сөйлемнің грамматикасы дұрыс реттелмесе, оның мағынасы айқындалмайды.

Үшінші ғылым – логика. Ол әлі танылмаған нәрсені танитын және не ақиқат, не жалған екені туралы пікіріміз тиянақ табатын тұжырымдар жасау үшін хабарлы сөйлемдерді логикалық фигурааларға сай сапқа түзуге үйретеді.

Төртінші ғылым – поэтика. Аристотельдің «Поэтика» деген еңбегі бар. Поэтика деген өнерге қатысты. Субстанцияны түсіндіргенде мысалы, алма – субстанция, оның қызыл болуы – акциденция.

 

 

Қарымжан Есжан,

Жамбыл облысы

Пікірлер