Елімізде азық-түлік бағасы 21 пайызға дейін қымбаттады

6186
Adyrna.kz Telegram

Еліміздегі азық-түліктің бағасы 6 пайыздан 21 пайызға дейін қымбаттап кеткен. Төтенше жағдайда отырған шақта күнделікті тұтынатын тауарлардың қымбаттамауы үшін үкіметтен 17 млрд теңге бөлінсе де, баға тұрақсыз болып отыр. «1 Еуразия» арнасының тілшісі бағаның жүгенсіз кетуіне орай зерттеу жүргізді.

Жыл басынан бері азық-түлік бағасы 7,6 %-ға қымбаттаған. Ал шілде айынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы 11,3%-ға артқан. Статистика комитетінің хабарлауынша, соңғы жеті айда жеміс-жидек құны - 21,3%, жарма - 20%, қой еті - 11,8, ұн 11%, көкөніс - 10,8, макарон  - 10,1%, сары май - 9,4%, жылқы еті - 8,6%, ірімшік - 8%, сиыр еті - 7,6% шай - 6,8% нан - 3,8 сүт 4,5% сүзбе - 3,3% қымбаттаған.

Әсет Рашитов, ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің бас сарапшысы :

«Азық түлік тауарларының ең жоғарғы бағасы – Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары мен  Алматы және Шымкент қалаларында байқалды. Қызылорда облысымен мен Алматы қаласында – 12%, Шымкент қаласында – 11,7%,  Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында –11,6% баға өсімі байқалды.

Пандемия жарияланғалы азық-түлік бағасын мемлекет қолдан келгенше бір деңгейде ұстауға тырысып келеді. Мемлекеттің бұған қауқары жетті ме деген сауалмен біз дүкен мен көк базарларды араладық. Сатып алушылар барлық тауарға құн қолсылғанын айтады.

Тұтынушылар  картоп, пияз, күріш, макарон сияқты күнделікті тұтынатын өнімдердің қымбаттағанын айтады. Ет өнімдері  200-300 теңгеге шарықтап кеткен.

Базарлардан бөлек сауда желілерінде баға деңгейі бақылауда екен. Сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлы жеке ірі бизнес өкілдеріне тауардың құнын қолжетімді ету үшін 17 млрд теңге бөлінгенін айтады.

Азамат Асқарұлы,  ҚР сауда және интеграция вице-министрі:

-Төтенше жағдай кезінде бағаны бір қалыпты ұстап тұруға айналым схемасы, тұрақтандыру қорын қалыптастыру, логистика мен цифрландыру көмектеседі. Айта кетейік, сауда желіліері әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы тұрақты болу үшін айналым схемасы мен жеңілдетілген займ берілді. Бұған жергілікті бюджеттен 1742,млрд  теңге бөлінді.

Айналым схемасы не екенін түсіндірсек, әкімдік сауда желілерінің иелеріне жеңілдетілген несие (қайтарыммен) береді. Ал бизнес өкілі  бұл мемлекеттің аса маңызды азық-түлік бағасын ұстап тұруы тиіс. Күні кеше елдегі ranking.kz сайты қазақстандықтардың сатып алу деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 6% артты деген ақпарат таратты. Дегенмен сарапшы Марат Башимов бұл жалған статистика екен айтады.

Марат Башимов, сарапшы:

-Статистика айта береді. Ақшаң болмаса супермаркетке қалай барасың? Мысалы, бұрын супермаркетте халық көп жүретін еді. Қазір бес- алты адам ғана жүреді.

ranking.kz сайты Қазақстанда орташа айлық көрсеткіші  212 мың теңгеге пара-пар депті. Сарапшы бұл жаңалыққа да күмәнмен қарайды.

Марат Башимов, сарапшы:

-Мүлдем келісе алмаймын көзбояушылық деп санаймын бүкіл әлем шыралдап жүр экономикалары тоқтап қалған. Коронавирус көп нәрсеге зиян келтірді.

Аыул шаруашылығы мамандары қоймаларда 708 500 тоннадан астам түрлі тағамдар бар дейді. Күзге таман тұтынуға аса қажетті картоп, пияз, сәбіз сынды тауарлардың бағасы арзандайды деп болжайды.

 

Гүлвира Асқар ,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер