АСХАТ ҚАСЕНҒАЛИ: Тек қана діни біліммен мына заманда алысқа бару қиын

3132
Adyrna.kz Telegram
Фото: Queenmoonlit3/elements.envato.com
Фото: Queenmoonlit3/elements.envato.com

Әр ұрпақтың өз ерекшелігі бар ғой. Ол өмір сүрген кезеңіне байланысты болар. Тоқсаныншы жылғы балалардың көзқарасы бір бөлек, 70-ші жылғы ағаларымыздың ұстанымы басқа, 2005-тен кейінгі ұрпақтың ой-өрісі тіпті бөлек. Олай болуы заңдылық. Қазіргі жастардың арасында миында шектеу аз. Жасанды шекаралары мен тосқауылдары да аз.

Жаңа ұрпақ өсіп келе жатыр. Бұл ғылым-білім дамыған, ЖИ салтанат құратын дәуірдің балалары ғой. Менің балам дрон ұшырғанды және робототехниканы жақсы көреді. Былтыр дрон алып берген едім, биыл апасы мен атасы тағы біреуін әперді. Арзандау болған соң, былтырғысы сәл «қуып» кетті.

Қазір балаларын бір үйірмеден екінші үйірмеге сүйреп жүретін ата-ана көп. Биден алып шығып, күйге апарады. Одан алып шығып, шахматқа қатыстырады. Ағылшын тілі курсы, домбыра үйірмесі, спорт және басқаға қатысады. Бір бала бірнеше үйірмеде жүреді. Бұл баланың болашағы үшін керек дағдыларды қалыптастырады. Иа, бала барлығын игеріп кетуі екіталай. Алайда ата-ананың міндеті баласын барынша жан-жақты етіп өсіру, қабілетін ашу, қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Тағы бір ата-аналар болады. Балаларына жастайынан тек діни білім береді. Жағдайы келсе де, басқа үйірмеге бермейді. Позиция сондай. Ондай ата-аналар көп емес, бірақ бар. Сондай бірнеше ата-ананы танимын. 5-6 жастағы балаларына тек діни білім береді. «Баламыз иманды болғанын қалаймыз» дейді. Сөйлескенімде солай дейді. Онысы дұрыс қой әрине. Ұрпақтың иманды болғаны жақсы ғой. Бірақ тек қана діни біліммен мына заманда алға басу қиын. Бір ғана діни біліммен шектеліп қалуға болмайды. Басқа да дағдыларды игеру қажет. Әсіресе бала кезде. Өйткені балалар тез қабылдайды, тез үйренеді. Соны ұмытпау қажет.

Қазір үйірмелер көп қой. Мемлекет тарапынан тегін берілетіні де жеткілікті. Ниет пен уақыт болса болғаны.

Асхат Қасенғали

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер