Сұраныс азайған. Қазақстан жұмыртқа импортына тыйым салмақ

730
Adyrna.kz Telegram

9 сәуірден бастап Қазақстанда жұмыртқа импортына алты айға тыйым салынады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шектеу кез келген көлік түрімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінен әкелінетін жұмыртқаға қатысты болады.

Тек жұмыртқаның Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалына ғана ерекше жағдай жасалады.

Министрлік бұл шешімді көктем-жаз кезеңінде отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатымен түсіндірді.

«Қазір жұмыртқаға деген сұраныстың төмендегені байқалады, нарықтағы қажеттілік толықтай өнеркәсіптік өндіріс пен үй шаруашылықтарының белсенді қатысуы есебінен жабылып отыр. Бұл фактор құс фабрикаларының жұмысына кері әсер етіп, жұмыртқа бағасының төмендеуіне әкелуде. Бағаның өзіндік құннан төмендеуі кәсіпорындардың табыстылығына теріс ықпал етеді», — деп мәлімдеді министрлік.

Өндіріс көлемі азаймағандықтан, тауар қоймаларда жиналып қалады. Ал бұл мезгілде жұмыртқаның сақтау мерзімі қысқарады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер