Иранның батысындағы Хорремабад қаласында футбол алаңындағы шөпті кептіру үшін Қызыл Жарты Ай ұйымының тікұшағы қолданылды. Бұл туралы Azad İran Telegram-арнасы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”ұлттық порталы.
Аталған жағдай әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, қоғам арасында наразылық тудырды. Пайдаланушылар гуманитарлық мақсаттағы техника мұндай тұрмыстық қажетке қолданылмауы тиіс екенін айтып, жауаптыларды сынға алды.
Иран Ислам Республикасы Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы бұл оқиғаға байланысты ұйымның үш бірдей директоры қызметінен босатылғанын мәлімдеді.