Жезқазған қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

2676
Adyrna.kz Telegram

Бүгін облыс орталығы Жезқазған қаласында экологиялық тазалықты насихаттауға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.

Аталған шараға 8 000 астам адам қатысып, 80 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 700 тонна қоқыс қаладан шығарылды. Қалалық полигон сенбілік барысында жиналған қалдықтарды тегін қабылдады.

Сондай-ақ сенбілікке 300-ден астам ұйымның, мекемелердің және шағын және орта бизнес өкілдерінің еңбек ұжымдары белсене атсалысты.

Айта кетейік, Ұлытау облысы бойынша 700 ұжымнан 15 000-ға жуық адам, 173 арнайы техника жұмылдырылып, мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Ұлытау облысының әкімдігі сенбілікке қатысқан барлық тұрғындарға, мекеме қызметкерлеріне, кәсіпкерлерге және еріктілерге қаланың тазалығына қосқан үлестері үшін алғысын білдіреді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер