Мьянмадағы жер сілкінісінен 700-ге жуық адам қаза тапты

912
Adyrna.kz Telegram

Мьянмада болған жойқын жер сілкінісі салдарынан 694 адам қаза тауып, 1670 адам жарақат алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы BBC агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, 28 наурызда Мьянма аумағында магнитудасы 7,7 және 6,4 балдық жер сілкінісі тіркелген. Жерасты дүмпулері Қытай мен Таиландта да сезіліп, Бангкоктағы салынып жатқан зәулім ғимарат қираған.

Көптеген афтершоктарға қарамастан, құтқару жұмыстары түні бойы жалғасуда. Мьянма билігі халықаралық қауымдастықтан жер сілкінісінің салдарын жоюға көмектесуді сұрады. Қазірдің өзінде Қытай мен Ресей елге құтқарушылар мен дәрігерлерді жіберген.

Еске сала кетейік, кеше Мьянмада 7,9 балдық жер сілкінісі тіркеліп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянма Премьер-министрі Мин Аун Хлайнға көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Стальная потенция будет всю ночь! Вот что нужно сделать вечером
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер