Алматы түбінде апатқа ұшыраған АН-26 ұшағы металл сынығы ретінде сатылды

1092
Adyrna.kz Telegram
Фото: Youtube
Фото: Youtube

Алматы маңында 2021 жылы апатқа ұшыраған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) АН-26 ұшағы металл сынығы ретінде сатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

e-qazyna.kz веб-порталында жарияланған мәліметтерге сәйкес, ұшақтың қирандыларын сатып алуға қатысу үшін 810 897 теңге кепілдік жарна төлеу қажет болған. Бастапқы бағасы 1 351 494,75 теңге деп белгіленген әуе кемесі сауда-саттық барысында 1 416 200 теңгеге сатылған.

"Лот төртінші рет жарияланған кезде ғана сатылды. ҰҚК ұсынысы бойынша металл сынықтары Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен бағаланып, сатылатын нысандар тізіміне енгізілді", – деп мәлімдеді ұшақ сынықтарын сатылымға шығарған "Қазарнаулыэкспорт" кәсіпорны.

Еске сала кетейік, 2021 жылдың 13 наурызында Астана Алматыға бағыт алған АН-26 әскери ұшағы қону кезінде апатқа ұшыраған болатын. Бұл оқиғада төрт экипаж мүшесі қаза тауып, екі адам ауыр жарақат алған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер