Полиция генерал-майоры бар. Нalyk Bank басқармасына жаңа мүшелер қосылды

2919
Adyrna.kz Telegram

Halyk Bank басқармасы екі жаңа мүшемен толықты. Олардың бірі — Қазақстандағы есірткі қылмысына қарсы күрестің бұрынғы басшысы, полицияның генерал-майоры Тілеген Маткенов. Екіншісі — “Казтелепорт” АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Андрей Заварзин, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеп.

KASE сайтында 13 наурызда жарияланған құжатқа сәйкес, банк басқармасының құрамы тоғыз адамға дейін кеңейтілген. Тілеген Маткенов қауіпсіздік мәселелеріне жауап берсе, Андрей Заварзин IT бағыты мен инновацияларды қадағалайтын болады.

Бұл шешім Павлодардағы Halyk Bank бөлімшесін тонау оқиғасынан кейін қабылданған. Оқиғадан кейін Ұлттық банк елдегі барлық қаржы мекемелері үшін қауіпсіздік шараларын күшейтуге тапсырма берген еді.

Генерал-майор Тілеген Маткенов – ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері. Ол Ақмола (2009–2012), Қостанай (2012–2016), Жамбыл (2016–2018) облыстарының ішкі істер департаменттерін басқарған. 2019–2022 жылдары ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы болды.

Маткенов бұған дейін бірнеше даулы оқиғаларға байланысты аталған. 2012 жылы Қостанайда оның тұрған таунхаусы тоналғаны туралы ақпарат тараған. Сондай-ақ, 2022 жылы Қаржы мониторингі агенттігі заңсыз майнингке қарсы күрес есебінде оның аты-жөні аталған. Агенттік “Маткеновпен байланысы бар компаниялар заңсыз майнингпен айналысқан” деп мәлімдеген.

Halyk Bank-тің жаңа топ-менеджерлерінің бірі Андрей Заварзин IT және инновациялар бағытын қадағалайды. Ол “Казтелепорт” АҚ директорлар кеңесінің мүшесі және Қазақстанның телекоммуникация саласында тәжірибесі мол маман.

Halyk Bank басқармасының кеңеюі қаржы ұйымының қауіпсіздік шараларын күшейтіп, IT-сектордағы инновацияларды дамытуға бағытталған қадам ретінде қарастырылып отыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Пікірлер