Шығыс Қазақстан "бұрынғы уақыт белдеуіне" оралды

1216
Adyrna.kz Telegram
фото: Kyzylorda News
фото: Kyzylorda News

Шығыс Қазақстан облысындағы барлық 11 аудан бұрынғы уақыт белдеуіне толықтай көшті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

13 наурыздан бастап Шемонаиха және Глубоковский аудандарында мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар мен әлеуметтік сала қызметкерлері жаңа жұмыс кестесіне ауысты. Енді олардың жұмыс күні 08:00-де басталып, 17:30-да аяқталады, ал түскі үзіліс 12:00-13:30 аралығында болады.

Шемонаиха ауданы әкімдігі жаңа жұмыс уақытын енгізу процестерді оңтайландыруға көмектесетінін мәлімдеді. Өзгеріс өңірдің табиғи ерекшеліктеріне байланысты қабылданған – бұл аймақта күн ерте шығып, ерте батады.

Глубоковский ауданында жергілікті тұрғындармен кездесу өткізіліп, жаңа кестенің тиімділігі талқыланған. Аудан әкімі Эльдар Тұмашинов бұл өзгерістің тұрғындардың өмірі мен еңбек жағдайын жақсартуға көмектесетінін атап өтті.

Еске салайық, 2023 жылғы 19 қарашада Үкімет Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуін енгізу туралы шешімді мақұлдады.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек уақыт белдеуінің өзгеруінің қазақстандықтарға әсері зерттелетінін айтты. Бұл мақсатқа 100 млн теңге бөлінбек. Алайда зерттеу нәтижесіне қарамастан, уақыт белдеуін өзгерту туралы шешім өзгермейтіні белгілі болды.

22 қарашада eGov mobile қосымшасында уақыт белдеуіне қатысты сауалнама жүргізілді. 200 мың адам жауап берген соң, сауалнама аяқталды.

Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының 4 ауданы "бұрынғы уақыт белдеуіне" көшкен еді. Енді бұл өзгеріс бүкіл облыс аумағында жүзеге асты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер