Тәжікстанда белсенді әйелдер журналист Рухшона Хакимованың жазасын жеңілдетуді сұрады

1301
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ферғана
Фото: Ферғана

Тәжікстанның бір топ тұрғыны ел президенті Эмомали Рахмонға ашық хат жазып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылған журналист Рухшона Хакимованың жазасын жеңілдетуді өтінді. «Азия-Плюс» басылымының хабарлауынша, хатқа шамамен 130 белсенді әйел қол қойған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ферғанаға сілтеп.

Қоғам белсенділері Хакимованың сотталуы оның екі кішкентай қызына ауыр соққы болғанын атап өтті. Олардың бірі әлі емшектегі сәби.

"Бұл үкім бізді терең күйзеліске ұшыратты. Бірақ ең бастысы – бұл шешім оның екі кішкентай қызы – Шахнура мен Шукронаның өмірін түбегейлі өзгертті. Олар анасынан айырылып, мейірімінен, қамқорлығынан, жылуынан қағылды", – делінген хатта.

Хат авторлары Хакимованың жазасын жеңілдетуді ғана сұрап отырғанын атап өтті. Олардың ойынша, заң аясында анаға балаларымен бірге болуға мүмкіндік беретін гуманитарлық шешім қабылдауға болады.

"Біз заңда ананың жағдайын ескеріп, оның кішкентай балаларын анасынан айырмайтын құқықтық тетіктер бар деп сенеміз", – дейді олар.

Өткен жылы Тәжікстанда билікті күшпен басып алуға әрекеттенді деген күдікпен саясаткерлер мен арнайы қызметтің бұрынғы қызметкерлері жаппай тұтқындалды. Қараша айында олардың ісі бойынша сот процесі басталып, 5 ақпанда барлық айыпталушыларға ұзақ мерзімді түрме жазасы тағайындалды.

Журналист Рухшона Хакимова мемлекетке опасыздық жасады деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот шешімі шыққанға дейін оның екі баласы бар болғандықтан ол бостандықта жүрген. Алайда үкім жарияланғаннан кейін сот залында қамауға алынды.

Тәжікстандық БАҚ мәліметінше, Хакимованың ісі "Қытайдың Тәжікстанға ықпалы" туралы жүргізген сауалнамасымен байланысты. Бұл сауалнамаға осы іс бойынша сотталған Саидджафар Усмонзода (27 жыл) және Хакимованың туысы Шокирджон Хакимов (18 жыл) қатысқан.

Белсенділер үкіметтен әділетті шешім күтіп отыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер