Президент әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

1119
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен қазақстандықтарды құттықтады. Президенттің құттықтауында әйелдер қауымының қоғамдағы рөлі ерекше атап өтілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ақорданың баспасөз қызметі жариялаған құттықтау мәтінінде:

«Қымбатты ханымдар! Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – сұлулық пен мейірімділіктің символына айналған шуақты мереке. Халқымыз ежелден анасын ардақтап, қыздарын қадірлей білген. Көптеген аруларымыздың есімі төл тарихымызға алтын әріппен жазылған. Қазір Қазақстанда әйелдер түрлі кәсіппен айналысып, бизнесте және қоғамдық қызметте зор табысқа жетіп жүр. Олар биік белестерді бағындырып қана қоймай, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп келеді», – делінген.

Мемлекет басшысы барлық әйелдердің адал еңбегі жоғары бағаланатынын атап өтіп, Қазақстандағы аналар мен аруларға шынайы ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, елдегі әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін жеткізді.

«Жанашырлық, жауапкершілік, жасампаздық сияқты асыл қасиеттерді бойына сіңірген әйелдер қауымы еліміздегі ауқымды өзгерістерді жүзеге асыруға зор үлес қоса береді деп сенемін», – деп түйіндеді Президент.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер