Әуежайда қылмыскерді ұстаған ер адам танымал әншінің туысы болып шықты

1168
Adyrna.kz Telegram
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы әуежайында қыз баланы кепілге алған адамның қолынан құтқарып алған ер адам кәсіби спортшы, әрі «Жігіттер» тобының продюсері Ерғали Әбдірайымның інісі, әнші Бағлан Әбдірайымовтың ағасы екені белгілі болды. Бұл туралы әншінің өзі Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Абдраймов Мұса Сайрамбайұлы. 1973 жылы, Түлкібас ауданы, Күмісбастау ауылында дүниеге келген. 9 баланың кенжесі. Кәсіби спортпен шұғылданған. Қазіргі таңда 5 баласы бар, ардақты әке. Бүгінгі ерлігі рас ел шулап жатыр. Намысты жігігіттің бәрі сондай батылдық жасар еді…

Ешкім батыр боламын, қаһарман боламын деп жоспармен жүрмесі анық. Дер кезінде дұрыс шешім қабылдап, өміріңізді тапсыра салғаныңыз ерлік!

Бұлай батыр боларын білгенде таңда бізді шығарып салғанда суретке түсіп алар едік. 9:25 те Қостанайға ұшқанда көргенбіз, аманатын ап кеткенбіз. Мемлекеттік марапатқа да ұсынып үлгеріпті. Бала-шағаның несібісіне таусылмасын”, деп жазды әнші.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер