Алматы полициясы әуежайда әйелді тұтқынға алған ер адамның бұған дейін автобус ішінде қызды ұрып-соғу оқиғасына қатысты қылмыстық іс бойынша сотталғанын растады. Бұл туралы «За нами уже выехали» Telegram-арнасы жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Алматы қалалық полиция департаменті екі оқиғада да бір адамның аты-жөні аталып өткенін айтты. Бұрын хабарланғандай, автобус ішіндегі оқиғадан кейін Алматы қалалық полициясының Алмалы аудандық бөлімінде қылмыстық іс қозғалған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сот тергеу кезеңі үшін кепілдік ретінде үйқамаққа алу туралы шешім қабылдаған», - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
2024 жылдың желтоқсанында сот ер адамды бір жылға бостандықты шектеу жазасына кескен.
Еске сала кетсек, бүгін Алматы әуежайында белгісіз ер адам қыз баланы кепілдікке алып, оны пышақпен қорқытқан болатын. Қылмыскерді дер кезінде сол жердегі азамат ұстады. Қару қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қылмыскерді ұстаған ер адамды президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды.