Трампқа темір не керек? Украинаның сирек металы: сауда мен мүдде

1324
Adyrna.kz Telegram

Америка билігіне Дональд Трамп келгелі Украинада бітім орнатуға үміт оянғанымен, сенім ақталмай тұр. Мүдде қайшылығы да шешілмеді. Трамптың Украинада көздегені не еді?

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийдің жұма күні Вашингтонға сапары кезінде АҚШ пен Украина арасында «сирек жер металдары» туралы келісімге қол қоймақ еді. Алайда кездесу сөз таластырумен аяқталып, ешқандай құжатқа қол қойылмады.

Трамп осы кездесу алдында келісім жасаспайынша, Киевке соғыста қолдау көрсетуден бас тартқан.

Украинада сирек металдары мен маңызды минералдардың үлкен қоры бар. Бірақ олардың көпшілігі Ресей әскерінің бақылауындағы аумақтарда орналасқан. Трамптың айтуынша, Украина бұл ресурстарды АҚШ-қа берсе, ел басшылығы Ресейге қарсы соғыста қолдауды жалғастырмақ.  

«Мен сирек жер металдарының шамамен 500 млрд долларлық эквивалентін алғым келетінін айттым және олар бұған келісім берді», - деген Трамп 10 ақпанда Fox News тілшісі Брет Байерге берген сұхбатында.

Владимир Зеленский бұл әңгімені «байсалды емес» деп атап, елді сата алмайтынын айтты. Алайда, АҚШ-тың Киевке қатысты ұстанымы барған сайын қатаңдағаннан кейін оның пікірі өзгере бастады.  

26 ақпан күні келісімге қатысты пікір білдірген Зеленский АҚШ-тың Украинаға көмекті жалғастыруы басты мәселе екенін атап өтті. Оның айтуынша, минералдарға қатысты алдын ала келісім – тек бастама және ол үлкен жетістікке айналуы мүмкін.  

Трамптың ұсынысы АҚШ үшін Украина аумағындағы пайдалы қазбалардың маңыздылығын көрсетеді. Бірақ бұл ресурстар не үшін қажет және олар АҚШ-қа қандай пайда әкелуі мүмкін?

СИРЕК МЕТАЛДАР ДЕГЕН НЕ?

Сирек металдар – заманауи технологиялар мен өндіріс үшін маңызды 17 элементтің тобы. Олар смартфондар, компьютерлер, медициналық жабдықтар және басқа да көптеген құрылғыларды жасау үшін қолданылады. Sc — скандий, Y — иттрий, La — лантан, Ce — церий, Pr — празеодим, Nd — неодим, Pm — прометий, Sm — самарий, Eu — европий, Gd — гадолиний, Tb — тербий, Dy — диспрозий, Ho — гольмий, Er — эрбий, Tm — туллий, Yb — иттербий, Lu — лютеций тәрізді элементтер сирек металдар тізбегін құрайды.

Бұл минералдарды сирек деп атайтын себебі оларды табиғатта таза күйінде табу қиын. Сирек металдар көбіне торий, уран сияқты радиоактивті элементтермен бірге кездеседі. Оларды бөліп алу көп мөлшерде улы химикаттарды қажет ететіндіктен, кен өндіру процесі қымбатқа шығады.

УКРАИНАДА ҚАНДАЙ МИНЕРАЛ БАР?

Украинада Еуропалық Одақ  «маңызды шикізат» деп анықтаған 30 элементтің 21-і кездеседі. Бұл әлемдік қордың шамамен 5 пайызын құрайды.  

Элементтердің негізгі кені Украинаның кристалды массивінің оңтүстігінде, әсіресе Азов теңізінің астында түбінде екендігі айтылады. Қазіргі уақытта бұл аумақтардың басым бөлігі Ресейдің бақылауында. Дегенмен Украинада әлі де Орта Побужье, Киев, сондай-ақ Винница және Житомир облыстарына қатысты әлеуетті жобалар бар.

Сарапшылардың айтуынша, Украинада көптеген геологиялық нысандар анықталғанымен, олардың барлығы бірдей кен орнына айнала бермейді. Егер пайдалы қазбаларды өндіру экономикалық тұрғыдан тиімді деп танылса ғана оларды толыққанды игеруге мүмкіндік туады.  

«Бұл жерлерде пайдалы қазбалар бар екені анық. Бірақ олардың шынымен де игеруге лайықты екенін дәлелдеу үшін әлі көп зерттеу қажет» - дейді Benchmark Mineral Intelligence компаниясының өкілі Адам Вебб.

Forbes Украина басылымының мәліметінше, Украинадағы пайдалы қазбалардың 70 пайызға жуығы Донецк, Днепропетровск және Луганск облыстарында орналасқан. Бұл жерлердің көп бөлігі қазіргі уақытта Ресейдің бақылауында.

Сонымен қатар, Украинада сирек металдарынан бөлек, литий сияқты маңызды минералдардың да қоры бар. Украина үкіметінің деректеріне сүйенсек, елдегі литий қоры шамамен 450 000 тоннаны құрайды.

Украинада литий өндіру әлі басталған жоқ, бірақ оны игеру жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта Ресей Донецк облысындағы Шевченковское және Бердянск ауданындағы Крутая Балка литий кен орнын бақылауда ұстап отыр.

Ал Кировоград облысындағы кен орны – Украина қарамағында.

АҚШ сирек металдар мен маңызды минералдарды өндіруді бақылауға ерекше қызығушылық танытуда. Оған себеп бұл салада Қытаймен бәсекелестік күшейіп келеді.

Соңғы жылдары Қытай сирек жер металдарын өндіру және өңдеу бойынша көшбасшы елге айналды. Қазір оның үлесі әлемдік өндірістің 60-70 пайызын, ал қайта өңдеу қуатының  пайызынын құрайды.

МИНЕРАЛ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

АҚШ-тың бұл ресурстар бойынша Қытайға тәуелді болуы Трамп әкімшілігін алаңдатуда. Өйткені бұл ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық тұрақтылыққа әсер етеді. Сирек металдар электромобильдерден бастап әскери техникаға дейінгі көптеген жоғары технологиялық құрылғыларды жасау үшін қажет.

Трамп жаңартылатын энергия көздерінен бас тартып, отын-шикізат өндірісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Сол себепті ол таза энергияға көшу үшін маңызды минералдарды қай жерден болса да алғысы келеді.

Бұл пайдалы қазбалар тек жасыл энергия үшін ғана емес, әскери және навигациялық жабдықтар, әсіресе жасанды интеллект (ЖИ) деректерін өңдеу орталықтары үшін де аса қажет.

Бұған дейін Трамп елде жасанды интеллект инфрақұрылымын кеңейту жоспарын жариялаған. Бұл үшін өте көп мөлшерде мыс, кремний, палладий және сирек жер металдары қажет.

Алайда қазірдің өзінде керек минералдардың жеткізілуі азая бастаған. Сондықтан әлемде таза энергия саласының дамуы баяулап келеді.

ҚЫТАЙДАН ҚАЛМАУДЫҢ ҚАМЫ

Халықаралық жаңартылған энергия көздері агенттігінің мәліметінше, Қытай ондаған жылдар бойы қайта өңдеу технологиялары мен тәжірибесін жетілдірген. Қазір олар табиғи графит пен диспрозий жеткізілімінің 100 пайызын, кобальттың 70 пайызын, сондай-ақ өңделген литий мен марганецтің 60 пайызға жуығын бақылайды.

Сонымен қатар, Пекин Африка, Азия және Оңтүстік Америкадағы ірі кен орындарына ие болып, әлемдегі негізгі металдарға қатаң бақылау жасап отыр.

АҚШ Конгресінің Қарулы күштер жөніндегі комитеті Байден билігі кезінде Қытайдың жаһандық жеткізу жүйесіндегі ықпалы күшейіп келе жатқанын айтып, АҚШ өзіне қажет маңызды минералдарды өзі өндіруі керек екенін мәлімдеген. Ал Трамп әкімшілігі Украина мен Гренландияны осы минералдарды алуға болатын аймақтар ретінде қарастырып отыр.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л
Пікірлер