28 ақпанда. Зеленский АҚШ-пен келіссөздерге дайындалуда

1305
Adyrna.kz Telegram
Фото: Thomas Peter/ Reuters
Фото: Thomas Peter/ Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский 28 ақпанда АҚШ-пен келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр. Бұл күні ол АҚШ президенті Дональд Трамппен кездеседі деп күтілуде. Бұл туралы Зеленский 26 ақпандағы халыққа үндеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Біздің командалар АҚШ-пен жұмыс істеуде, біз жұма күні келіссөздерге дайындалып жатырмыз. Бұл – Американың қолдауы, бейбітшілік пен қауіпсіздік кепілдігі. Бұл Ресейдің басқа халықтардың өмірін қиратуын тоқтатудың кілті. Мен Трамппен кездесемін. Біз үшін Америка көмегінің тоқтап қалмауы өте маңызды. Бейбітшілікке жету үшін күш қажет," – деді Украина президенті.

Сол күні Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль Киевтің АҚШ-пен "Қалпына келтіру инвестициялық қоры" жөнінде келісім жасасуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл құжат Америкаға Украинаның минералды ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұл келісімді Украинаға берілген көмекті өтемақы ретінде қарастырып отыр. Бұған дейін Зеленский бұл құжаттың бастапқы нұсқасына қол қоюдан бас тартқан болатын. Алайда, 23 ақпанда АҚШ президентінің Таяу Шығыс жөніндегі арнайы өкілі Стив Уиткофф CNN телеарнасына берген сұхбатында Трамп Зеленскийге "хабарлама" жібергенін, ал қазір Украина көшбасшысы келісімге қол қоюдан тайынбайтынын мәлімдеді.

Киев келіссөздер барысында Еуропалық Одақтың да белсенді қатысуы маңызды екенін атап өтті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер