Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды

1110
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Рамиль Камалов Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы бүгін, 24 ақпанда премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 ақпандағы қаулысымен бұған дейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы қызметін атқарған Камалов Рамиль Фатқұлұлы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрі болып тағайындалды»,– делінген хабарламада.

Рамиль Камалов 1976 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. 1993 жылдың қыркүйегінен бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет етті. Ол мемлекеттік өртке қарсы инспекторынан Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасына дейін өсті. Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментін басқарды.

2025 жылдың 18 қаңтарында Ерлан Нұрпейісовтің Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылғаны хабарланған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер