Полиция шымкенттік журналист Мөлдір Нұрманның үстінен қылмыстық іс қозғаған

1263
Adyrna.kz Telegram
Фото: Мөлдір Нұрманның парақшасынан
Фото: Мөлдір Нұрманның парақшасынан

Полиция журналист Мөлдір Нұрманның үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Құзырлы органның мәліметінше, журналистке "жалған ақпарат тарату" бабы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілген.

"Азаматша Н. полицияда болды. Оның қатысуымен тергеу амалдары жүргізілген соң ол үйіне жіберілді. Тергеу жалғасып жатыр" – деп хабарлады полиция департаменті.

Сонымен қатар, ведомство Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес істің мән-жайы жарияланбайтынын атап өтті.

Журналист Бауыржан Карипов Facebook желісіндегі парақшасында:

"Мөлдір Нұрман өзі телефон тұтқасын көтермей жатқаны белгілі болды. Телефонын сараптамаға өткізген. Адвокаты хабарласты. Мән-жайды түсіндірді. Қазір жариялаймыз. Мөлдірдің үстінен әкімшілік арыз түскен. Қамауға алынған жоқ деді", - деп жазды ол.

Еске салсақ, бұған дейін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Түркістан облыстық филиалының басшысы болған журналист Мөлдір Нұрманның ұсталғаны хабарланған еді. Белгілі болғандай, оның үйінде тінту жүргізілген.

Журналист Мөлдір Нұрманның желідегі оқырмандары түрлі пікір жазып, оны іздеуде.

Журналистің үстінен қозғалған қылмыстық іс оның әлеуметтік желідегі белсенділігімен байланысты болуы мүмкін. Ол өзінің Facebook парақшасында екі күн бұрын ол тікелей эфирге шығып, елдегі әлеуметтік мәселелер туралы өз пікірін білдірген еді. Ол Шымкент қаласы мен Түркістан облысында тәуелсіз журналист ретінде танымал.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер