Қырғызстанда жаңа мемлекеттік әнұранға конкурс жарияланды

1342
Adyrna.kz Telegram
Фото: 24.kg
Фото: 24.kg

Қырғызстанның мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі мемлекеттік әнұранның жаңа сөзі мен әніне конкурс жариялағанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы министрліктің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында хабарланды.

Конкурс "Қырғызстан халқының тарихи мұрасын, мәдени дәстүрін және ұлттық бірлігін білдіретін көркемдігі жоғары музыкалық шығарма" дайындау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Ұсынылған шығармаларды бағалайтын комиссия құрамына Жоғарғы кеңес депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері, жазушылар, композиторлар және мәдениет қайраткерлері енеді. Егер лайықты шығарма табылмаса немесе өтініш саны жеткіліксіз болса, конкурс жүзеге аспаған болып саналады.

Мемлекеттік әнұранды өзгерту бастамасын 2024 жылдың қазан айында Жоғарғы кеңес спикері Нурланбек Шакиев көтерген болатын. Ол Қырғызстан тәуелсіздік алған кезде қабылданған әнұранды орындаудың қиын екенін, кей азаматтардың оны толық айтып бере алмайтынын алға тартқан.

Бұл идеяны кейінірек ел президенті Садыр Жапаров та қолдап, мемлекеттік символдарды жаңартуда тұрған ештеңе жоқ екенін атап өтті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер