Ресей Түмен облысының Қазақстанмен шекарасын нақтылайды

1763
Adyrna.kz Telegram
Фото: yandex.kz
Фото: yandex.kz

Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі Түмен облысы мен Қазақстан арасындағы шекараны нақтылауды бастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «Мега Тюмень»-ге сілтеп.

Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі Түмен облысы мен Қазақстан арасындағы шекараны нақтылау жұмыстарын жүргізуді ұйғарды.

Ресей Федерациясының нормативтік құқықтық актілер жобаларының ресми порталында «Түмен облысы аумағындағы шекаралық аймақтың шегін айқындау туралы» жобасы жарияланды. Жоба авторларының пікірінше, бұл шара шекараларды оңтайландыру және нақтылау үшін қажет.

«Құжат Түмен облысы аумағындағы Ресей мен Қазақстан арасындағы шекараның координаттарын анықтап, адамдардың өтуі мен көлік құралдарының шекаралық аймаққа кіруі үшін орындар мен уақытты белгілейді», — деп жазады «Ведомости» басылымы.

Ресей Федерациясындағы Түмен облысы Қазақстанның Солтүстік Қазақстан облысымен шектеседі. Шекарада Қазақстан жағындағы «Қызылжар» және Ресейдегі «Казанское» шекаралық өткелдері жұмыс істейді.

Айта кетейік, осындай рәсім былтыр қараша айында да өткізілген болатын. Сол кезде Ресей тарапы Қазақстанның солтүстігімен шектесетін Челябі облысындағы шекараны нақтылаған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер