Қазақстанда «Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізілмек

585
Adyrna.kz Telegram
Фото: Sputnik / Абзал Калиев
Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Елімізде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бекітілген жоспарға сәйкес, кейбір заңнамалық актілерге сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарлануда.

Заң жобасын Ұлттық экономика министрлігі әзірлеп, оны маусым айында Парламентке енгізу қажет делінген. Ал Әділет министрлігіне ұсыну мерзімі ретінде ақпан айы көрсетілген.

Одан бөлек, жоспарға банк пен мемлекеттік қызметке қатысты заң жобалары, сондай-ақ 2026-2028 жылдарға арналған бюджет және Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы Заң және басқа да бірқатар нормативтік-құқықтық актілер енгізілген.

Пікірлер