Талдықорғанда газ жарылысынан бір отбасының жеті мүшесі зардап шекті

1568
Adyrna.kz Telegram
Фото: Жетісу облысы ТЖД
Фото: Жетісу облысы ТЖД

31 желтоқсан күні Талдықорған қаласының шетінде орналасқан екі қабатты жеке үйде жарылыс болып,  бір отбасының жеті мүшесі күйік пен жарақат алып, қалалық ауруханаларға жеткізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Жетісу облысы ТЖД мәліметінше, жарылыс салдарынан үйдің екінші қабаты, қабырғалары мен шатыры құлап, 120 шаршы метр аумақта өрт шыққан.

"Алдын ала болжам бойынша, өрт табиғи газдың ағуынан пайда болған газ-ауа қоспасының жарылуынан болған. Барлық зардап шеккендер түрлі дәрежеде күйік алған", – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Газдың қай жерде ағып кеткені әзірге белгісіз. Оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 306-бабының 2-бөлігі "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе өткізу, жұмыстар орындау не қызметтер көрсету" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайы туралы әзірге ақпарат берген жоқ. Белгілісі – барлық жеті адам бір отбасының мүшелері және әртүрлі медициналық мекемелерге жатқызылған. Олардың үшеуі – кәмелет жасына толмаған балалар.

Оқиға орнында жергілікті газ компаниясының мамандары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмысын жалғастыруда. Тергеу облыстық полиция департаментіне тапсырылған, қажетті сараптамалар жүргізілуде.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер