Көкшетау полицейі әлеуметтік желідегі пікірлері үшін қудалауға ұшырағанын айтты

1580
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Ақмола облысы полиция департаментінің кинологы Руслан Байсалбаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдады. Бұл туралы ол өзінің ТикТок желісінде жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«28 желтоқсанда Ақмола облысы полиция департаментінде кеңес өтті. Онда полиция басшысының орынбасары Бақытжан Ералин менің желідегі пікірлерім бойынша тексеру жүргізуді тапсырды. Ішкі істер органдарының ардагерлерін салтанатты түрде қабылдау рәсімі болған, мен "көше бойында қаза тапқан, өмірін қауіпке тігетін қызметкерлерді марапаттаса екен" деп жаздым. Ардагерлер ұйымдарына жыл сайын бір күндік жалақы ұсталады, ал қызметкерлердің жалақысы мардымсыз», - деп мәлімдеді видеоүндеуде кіші инспектор, кинолог Руслан Байсалбаев.

Оның айтуынша, ол жұмыссыз қалудан қорқып, сондықтан мемлекет басшысынан көмек сұрап, оны басқа өңірлік бөлімшеге ауыстыруды өтініп жатыр.

«Бізде әлі күнге дейін жазалау жүйесі бар, ал қызмет көрсету моделіне көшуіміз керек. Қазір Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы менің үстімнен қылмыстық немесе әкімшілік іс қозғай ма, деп алаңдап отырмын», - деді кинолог.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер