Қазақстанның Ресейдегі елшілігі шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтатты

652
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап шетелдік азаматтарға жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) беру уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы шетелдік азаматтарға жеке идентификациялық нөмірін беру бойынша пилоттық жобаның аяқталуына байланысты, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап шетелдік азаматтарға ЖСН беру уақытша тоқтатылады», – деп хабарлады мекеме.

Ведомствоның мәліметінше, ЖСН туралы қажетті ақпаратты елшіліктің ресми сайтынан алуға болады.

ЖСН –  дерекқордағы бірегей код, ол Қазақстанда кез келген цифрлық мемлекеттік қызметтерді алу үшін, сондай-ақ қазақстандық банктерде шот ашу үшін қажет.

Айта кетейік, шетелдік азаматтарға ЖСН беруді тоқтату туралы хабарлама Қазақстанның Беларусьтегі елшілігіне де хабарланған.

Ақпаратта 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін «Қазақстан Республикасының шетелдік агенттіктері арқылы шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылатыны айтылған.

Осылайша, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл қызмет көрсетілмейді.

Пікірлер