Embraer компаниясы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады

253
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ресми дереккөз
Фото: Ресми дереккөз

Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшаққа қатысты Embraer компаниясы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Компания коммерциялық, іскерлік және әскери ұшақтарды шығаруға маманданған әлемдегі жетекші ұшақ өндірушілердің бірі. Ол 1969 жылы Бразилияда құрылған.

Embraer компаниясы қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

"Қазақстанның Ақтау қаласына жақын жерде Embraer 190 ұшағымен болған оқиға бізді қатты күйзелтті. Осы оқиғадан зардап шеккендердің отбасыларына, дос-әріптестер мен жақындарына көңіл айтамыз. Біз жағдайды мұқият қадағалап отырмыз және тиісті органдарға қолдау көрсетуге толық дайынбыз", – делінген компанияның ресми сайтындағы хабарламада.

Пікірлер