Астана қаласындағы көлік бақылау инспекциясы басшысының жұмыстан босатылуы қоғамда үлкен резонанс тудырды

159
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Астана қаласындағы көлік бақылау инспекциясының басшысы Айдар Әлиақпаровтың қызметінен босатылуы, әсіресе көлік бақылау жүйесін реформалауға қатысты көтерген мәселелері мен ұсыныстары қоғамда үлкен талқылауға себеп болды. Әлиақпаров Қазақстанның премьер-министрі мен Президент Әкімшілігіне жазған хатында көлік бақылау жүйесін кешенді түрде реформалау қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ескірген көлік бақылау жүйесі Әлиақпаров қазіргі әдістердің архаикалық екенін, көлік құралдарын қолмен тоқтатып, құжаттарын тексерудің көп уақытты алатынын және жемқорлық тәуекелдерін арттыратынын мәлімдеді. Техникалық жабдықталудың жеткіліксіздігі Автоматтандырылған өлшеу станцияларының (АСИ) санының аздығы және олардың мүмкіндіктерінің шектеулілігі жайлы да пікір білдірді. Қазақстан бойынша небәрі 30-ға жуық АСИ бар, бұл көлік бақылауын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.

Екінші көтерген мәселе - интеллектуалды транспорт жүйесінің (ИТС) дамымауы Қазіргі уақытта көлік бақылауында интеллектуалды транспорт жүйесінің элементтері қолданылмайтындығы. Сондай-ақ, жол жүру нормаларын бұзғандарға жазаның жеңілдігі Әлиақпаров айыппұлдардың жеткіліксіздігін, жазалаудың тиімділігі төмендігін атап өтті. Бұл көлік жүргізушілерінің заң бұзушылық жасауына түрткі болуы мүмкін.

БАҚ- та Әлиақпаровтың премьер-министрмен кездескеннен кейін жұмыстан босатылғаны туралы ақпарат тараған.

Әлиақпаровтың айтуынша, қызметінен босатылу себебі – көлік бақылау саласындағы статистикалық мәліметтердің бұрмалануы туралы ашық айтқаны. Ол министрліктің тексерілетін субъектілерге жалған статистикалық мәліметтер тапсыртуын талап еткенін айтып, бұған қарсылық көрсеткен.

Әлиақпаровтың көтерген мәселелері мен реформаларға қатысты ұсыныстары қоғамда қолдау тапты. Алайда ол өз бастамалары үшін қызметінен босатылғанын, бірақ көлік саласындағы жағдайдың жақсаруын көрмей тұрып, жұмысынан айырылудан қорықпайтынын айтты. Ол реформалар жүргізілмесе, көлік саласы одан әрі құлдырайтынын атап өтті.

Пікірлер