Бейресми деректерге сәйкес облыс әкімдігі ғимаратының жанында өзін өртеген ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы lada.kz-ке сілтеп.
Облыстық әкімдік ғимаратының маңында өзін-өзі өртеп жіберген ер адамның өлімі туралы ақпарат 18 желтоқсан күні таңертең келіп түскен.
Lada.kz мәліметінше, әкімдіа пен медициналық мекеме басшылығынан жағдайға қатысты ешқандай түсініктеме болмаған.
Соңғы рет дәрігерлер жәбірленушінің жағдайы туралы 16 желтоқсанда түсініктеме берген.
Айта кетейік, қайғылы оқиға 5 желтоқсанда болған. Облыс әкімдігі ер адамның облыс әкімімен жеке кездесуін талап еткенін, бірақ оған қарсылық білдіргенін, содан кейін облыс әкімдігінде өзін-өзі өртеп жібергенін айтты. Ер адамның жағдайы ауыр деп бағаланып, полиция қылмыстық іс қозғаған еді. Желіде өзін-өзі өртеп жіберген видео да пайда болды.