Қызылордада жеңіл автокөліктер тиелген жүк көлігінің жолдың тайғақ болуынан аударылып қалған. Оқиғаның бейнесі желіде тарап кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл оқиға 5 желтоқсанда сағат 6:30 шамасында болған.
"М-32 "Шымкент-Самара" тас жолының 1807 шақырымында тіркелді. Оқиға Қызылорда қаласына қарасты Ж. Маханбетов ауылы тұсында болды. Шымкенттен Ақтөбе қаласына бағыт алып бара жатқан "DAF" маркалы автокөлігінің басқару жүйесіне ие бола алмай аударылған. Автокөлікке материалдық шығын келген. Дене жарақатын алғандар жоқ", — деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.