Зеленский Грузиядағы бейбіт шеруді таратқандарға қарсы санкция енгізді

1509
Adyrna.kz Telegram
Фото: Thomas Peter/ Reuters
Фото: Thomas Peter/ Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский Грузия үкіметінің өкілдеріне, оның ішінде ел премьер-министрі Ираклий Кобахидзе мен "Грузия арманы" партиясының жетекшісі Бидзина Иванишвилиге санкциялар енгізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ол 5 желтоқсан күні өз Telegram-арнасында хабарлады.

Санкциялар Грузияда парламенттік сайлау нәтижелерінің болжамды бұрмалануына қарсы наразылық акцияларын күшпен таратуға қатысы бар лауазымды тұлғаларға бағытталған.

Зеленскийдің айтуынша, санкциялар "Грузияны Путинге беріп жатқан" үкіметтің бір бөлігіне қарсы қабылданған шара болып табылады.

"Бұл аймақта Грузияны да, Молдованы да, Украинаны да жоғалтуға болмайды. Мәскеуге қарсы бірге қорғануымыз керек", – деп атап өтті ол өз мәлімдемесінде.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер