"Шабуыл шетелден жасалған". Ресей туының орнына Украина туы көрсетілген оқиғаға қатысты деректер анықталды

215
Adyrna.kz Telegram
Фото: kwork.ru
Фото: kwork.ru

Астанада LED-экрандардың бірінде Ресей туы уақытша Украина туымен ауысу оқиғасына қатысты дерек анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ  шабуылдың шетелдік IP-мекенжайлар арқылы жасалғаны анықталды.

"2024 жылғы 27 қарашада Астанадағы LED-экрандардың бірінде көрсетіліп тұрған бейне уақытша өзгертіліп, ту ауыстыру фактісі тіркелді. Алдын ала деректер бойынша, шабуыл шетелдік IP-мекенжайлардан прокси-серверлерді пайдалану арқылы жасалған", – делінген ресми хабарламада.

Мемлекеттік техникалық қызмет мәселенің пайда болу механизмі мен әсер ету көзін анықтау жұмыстарын жүргізуде.

Бұл факті бойынша ішкі істер органдары қылмыстық іс қозғады.

Пікірлер