Мектептегі орамал дауы. Астанада оқушының әкесі сотқа жүгінді

7324
Adyrna.kz Telegram
фото: stan.kz
фото: stan.kz

Астанада кәмелетке толмаған оқушы қыздың әкесі мектепте орамал тағуға тыйым салуды негізсіз деп санады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттың мәліметінше, арызданушы өз шағымында бұл тыйым баланың құқығын шектейді деп мәлімдеген.

“Кәмелетке толмаған қыздың әкесі "мектеп формасын киген кезде діни сипаттағы киім мен нышандарды киюге жол берілмейді" деп көзделген қағидалардың 16-тармағы 2) тармақшасын заңсыз деп танып, сотқа жүгінді. Талап қоюшы "шаш пен мойынды жабатын бас орамалын" діни сипаттағы киім деп санамайды”, – делінген хабарламада.

Сот арызданушының талабына байланысты "Білім туралы" заң мен мектеп жарғысында мектеп формасы барлық оқушыларға бірдей, діни және өзге де ерекшелік белгілерінсіз болуы керек деп белгіленгенін атап өтті. Осылайша, сот арызданушының шағымын қанағаттандырмады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер