Түркістанда жастарға арналған "Эрудит" интеллектуалды ойыны өтті

891
Adyrna.kz Telegram

Сайрам аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ ұйымдастырумен Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына орай, білім мен зияткерлікті дамытуға арналған облыстық “Эрудит” интеллектуалды ойыны өтті.

Іс-шараны Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ басшысы Бектаев Ернар Нұралыұлы, Сайрам аудан әкімінің орынбасары Әліпов Мадияр Бақтыбайұлы, аудан мәслихатының депутаттары Каримов Асанәлі Исламбекұлы мен Айдарханов Дархан Саматұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жобаның мақсаты – жастардың білімге құштарлығын оятып, ой-өрісін кеңейту, логикалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзара қарым-қатынас пен командалық жұмыстың маңыздылығын ұғындыру.

Интеллектуалды ойынға облыс аумағындағы аудан, қалалардан және ауданымыздағы түрлі мекемелерден келген түрлі сала өкілдері мен жас еріктілерден құралған 15 команда қатысты.

Сайыс 5 кезеңнен тұрып, әр кезеңде қатысушылар тарих, әдебиет, спорт, ұлттық дәстүрлер, логикалық тапсырмалар сияқты әртүрлі салалар бойынша сынға түсті.

Тартысты да, қызықты өткен сайыстың нәтижесінде:
• 1-орын: Созақ ауданының “Теріскей” командасы (300 000 тг);
• 2-орын: сайыста бірдей ұпай жинаған облыстық "Жастар ресурстық орталығының" “Алаш” және Келес ауданының “Келес” командалары (200 000 тг);
• 3-орын: Сайрам ауданының “Бәйтерек” командасы (100 000 тг) иеленді.
• “Үздік талпыныс” номинациясын Сарыағаш ауданының “Конина Power” командасы жеңіп алды (50 000 тг).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

“Эрудит” ойыны облыстың білімді жастарын бір ортада жинап, олардың өзара достық қарым-қатынасын нығайтатын игі дәстүрге айналып отыр. Аталған бағыттағы іс-шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болмақ.

Пікірлер