130 мың оқушыға жаңа орын: Елімізде 86 мектеп пайдалануға берілді

1030
Adyrna.kz Telegram

Жаңа оқу жылы басталғалы Қазақстан өңірлерінде 130 мың оқушы орнына арналған 86 мектеп ашылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

 

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 74,8 мың оқушыға арналған 27 мектеп ашылды.

Жоба аясында білім беру ортасының функционалдығы мен қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінді. Бастауыш және жоғары сынып оқушыларына арналған жеке блоктар қарастырылған. Сондай-ақ, заманауи техникалық құралдар арқылы қауіпсіздік шараларын күшейтіп,  ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қолайлы орта жасау және мектептерді заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау талаптары қойылған, дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін 217 заманауи форматтағы мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры арқылы 18 мектеп, ал қалған 41 мектеп республикалық және жергілікті бюджеттер, сондай-ақ инвестициялар есебінен ашылды.

Пікірлер