Жазушының жазушы жары. Әдебиеттегі орны бөлек қаламгер

1769
Adyrna.kz Telegram
Сурет: kazgazeta.kz
Сурет: kazgazeta.kz

Бүгін — белгілі жазушы, драматург Роза Мұқанованың туған күні, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 1964 жылы Абай облысы, Үржар ауданы, Көлденең ауылында дүниеге келген. Ол Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті —ред) журналистика факультетін бітірген. Қаламгер әр жылдары Орталық мұражайдың Әдебиет және өнер бөлімінде, Қазақстан Жазушылар одағының Аударма алқасында,  Ақпарат министрлігінде жұмыс істеді. 60 жасқа аяқ басқан жазушының «Жарық дүние», «Қыз жылаған», «Дүние кезек», «Құдірет-Кие», «Мәңгілік бала бейне» сындф әңгімелері мен драмалық шығармалары бар. 2001 жылы Рабғұзидің «Қисса-сүл-Әнбий-я» кітабын қазақ тіліне тәржімалады.

Айта кетейік, Роза Мұқанова — қазақ әдебиетінің классигі, жазушы Әкім Таразидың жұбайы.

Пікірлер